МАЭК-тегі апатқа байланысты Маңғыстауда кей елдімекендерге жарық беруге шектеу қойылды

АҚТАУ.ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында «МАЭК» ЖШС электр стансасындағы апаттық жөндеу жұмыстарына байланысты өңірдегі бірқатар елдімекенге электр қуатын беруге шектеу енгізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

№3 энергоблокты апаттық жөндеуге және «МАЭК» ЖШС электр станциясында №1 ЖЭС энергоблок жұмысының тоқтауына байланысты «КЕГОК» АҚ ұлттық диспетчер орталығы диспетчерінің келісіміне сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде Маңғыстау облысының мына елдімекендеріне электр энергиясын тұтынуға ішінара шектеу қойылды:

- Жаңаөзен қаласы (ішінара) және жақын маңдағы ауылдар;

- Маңғыстау ауданының елдімекендері;

- Форт-Шевченко қаласы және Түпқараған ауданының елдімекендері;

- Мұнайлы ауданының бірқатар елдімекендері;

- Қарақия ауданы бірқатар елдімекендері.

«МАЭК» ЖШС-де жалпы электр энергиясы 545 МВт өндіреді. Қазіргі уақытта екі энергоблоктың тоқтауына байланысты электр станция 245 МВт өндіріп жатыр.

Ал елдімекендерді сумен жабдықтауға ешқандай шектеу жоқ.

Ауруханалар мен әлеуметтік нысандар электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

Апаттың себептерін жою үшін жедел штаб жұмыс істеп тұр.

МАЭК мамандары №3 энергоблокты жөндеуге және № 1 энергия блогын 16 тамызға дейін жөндеуге шұғыл өтінім берген.

Алайда мамандар № 1 энергия блогындағы жөндеу жұмыстарына блоктың қазандығы салқындағаннан кейін кіріседі.

Жедел штаб тұрмыстық тұтынушылар үшін электр энергиясын беру пайдасына өнеркәсіптік объектілерді қауіпсіз шектеу жөнінде шаралар қабылдап жатыр.

Соңғы жаңалықтар