Маған кітапханаға келіп дауыс берген ұнайды - Арыстанбек Мұхамедиұлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Президенті сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр өз таңдауын ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы №111 сайлау учаскесінде жасады.

«Мен өз даусымды тұрақтылыққа, Қазақстанның келешегі үшін бердім. Қазіргі уақытта Қазақстан дүниежүзіне сыйлы, өз орны бар мемлекет. Саясатта да, өнер жағынан да мақтанышпен жетістіктерімізді айта аламыз. Әрине бүгінгі сайлауға бүкіл Қазақстанның қатысып жатқаны өте қуанышты», - деді министр журналистерге берген сұхбатында.

«Менің отбасым басқа учаскеде тіркелген. Осы учаскеге өзім сұранып келдім. Себебі, басқа әкімшілік ғимараттарға қарағанда кітапханада дауыс берген ұнайды», - деді А. Мұхамедиұлы.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.

Соңғы жаңалықтар