МАГАТЭ сарапшылары Қазақстанға келеді

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Алдағы айларда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) сарапшылары Қазақстанға келеді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы барысында ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға МАГАТЭ-нің бір топ сарапшылары келетін болады. Бұндағы негізгі мақсат Қазақстандағы бірқатар нысандарға толық тексерулер жүргізу болып табылады. Жалпы бұндай жылдық тексерістер жоспар бойынша жылына бір рет өткеріледі. Қазақстан бұған дейінгі МАГАТЭ тексерулерінде тек қана оң баға иеленіп келді», деді Ә. Мағауов. Оның айтуынша, Қазақстанға МАГАТЭ сарапшыларының келуінің БАҚ-та жарияланған қауесетке ешқандай қатысы жоқ.

Соңғы жаңалықтар