Магдебургтегі рождестволық базарда теракт болды: қаза тапқандар бар
АСТАНА. KAZINFORM - Магдебургтегі Рождестволық базарда көлік бір топ адамды қағып кетті. Германия билігі кемінде 11 адамның қаза тауып, 80-нен астамы жараланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Саксония-Анхальт үкіметінің өкілі бұл «шабуыл болуы мүмкін» дейді.
Қаланың баспасөз хатшысы Майкл Рейфтің айтуынша, «Рождестволық базарға шабуыл жасалды». Неміс полициясы мұны әлі растаған жоқ.
Полицияның мәліметінше, қаза тапқандар саны кемінде он бір. Жергілікті БАҚ «көптеген адам жарақат алды» деп хабарлады.
🚨 Plusieurs personnes ont été fauchées au marché de Noël de Magdebourg, en Allemagne : vidéo de la caméra de surveillance.
— Frontières (@Frontieresmedia) December 20, 2024
https://t.co/vL1dYNjda1
BILD-тің хабарлауынша, Германия канцлері Олаф Шольц X платформасындағы жазбасында былай деп жазды: «Магдебургтен жеткен хабар нашар болжам жасауға мәжбүрлейді. Құрбандардың жақындарына көңіл айтамын. Біз солардың, Магдебург тұрғындарының жағындамыз. Осы қиын сағаттарда құтқару қызметтеріне ризашылығымды білдіремін».
🚨 Attaque au marché de Noël de Magdebourg : vidéo de l’interpellation.
— Frontières (@Frontieresmedia) December 20, 2024
pic.twitter.com/Fz20PSkrLR
Магдебург полициясы өкілінің мәлімдемесіне сәйкес, қылмыскердің өз бетінше әрекет еткен-етпегені әлі белгісіз. Ол «рождестволық базар арқылы кем дегенде 400 метр жүрді» дейді полиция.