Магистратураға түсуге ниеттілер қай мамандықтарды көп таңдады
АСТАНА. KAZINFORM — Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға 9 мыңға жуық өтініш қабылданды, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі.
Ең көп таңдалған білім беру салалары:
- Педагогикалық ғылымдар;
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
- Бизнес, басқару және құқық.
— Даярлау бағытын (бейінді және ғылыми-педагогикалық) және тестілеу тілін КТ басталғанға дейін жеке кабинетте өзгертуге болады, — делінген ведомство хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 13 қараша күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде жарияланады.
Бұдан бұрын басқа мамандықтан педагогикалық бағытқа ауысу үшін ҰБТ-дан қанша балл жинау керек екенін жазғанбыз.