Магомед Адиев Ресейдің «Ахмат» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Белгілі маман Магомед Адиев Ресейдің «Ахмат» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл қызметін ол Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметімен қоса атқара береді.

бапкер
Фото: fc-akhmat.ru

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Магомед Адиев 2022 жылдан бері Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келеді. Содан бері 22 ойынның 11-де жеңіске жетіп, 1-де тең ойнаса, қалғанында қарсыластарға есе жіберді.

Екі жылдан бері еліміздің ұлттық құрамасы көптеген халықаралық жарыстарда жоғары нәтижесімен көзге түсіп келеді.

2022/2023 жылдарда Ұлттар лигасында С дивизионында өз тобында бірінші орын алып, биыл В дивизионында сынға түсуге мүмкіндік алды.

Енді қыркүйек-қараша айларында В дивизионында үшінші опта Австрия, Словения және Норвегиямен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында ел құрамасы 18 ұпай жинап, өз тобында үшінші орын алды. Бұл - құрама тарихындағы үздік көрсеткіш.

Магомед Адиев 1994-2009 жылдар аралығында ресейлік және қазақстандық клубтардың намысын қорғады. 2010 жылдан бері бапкерлікке бет бұрып, реейлік және еліміздің «Шахтер» клубында жетекшілік етті.

Соңғы жаңалықтар