20:05, 15 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Махмұд Сабырхан кубалық боксшыны айқын басымдықпен жеңді
Елордадағы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Чемпиондар түні» атты бокс кешінде Махмұд Сабырхан жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazinform.

2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд кубалық Освальдо Диаспен жұдырықтасты.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен алты раундтық жекпе-жекті Сабырхан сәтті аяқталды. Қазылар бірауыздан қазақстандық боксшының (3:0) жеңісін тіркеді.
Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан басым түскенін жазған болатынбыз.