Макаодағы ойынхана иесі Азиядағы ең бай адам деп танылды

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайдың Макао қаласындағы бірнеше ойынхананы басқаратын Galaxy Entertainment Group консалтингтік компаниясының негізін қалаушы Луи Че Ву Азиядағы ең бай адам деп танылды.
None
None

Бұл туралы Bloomberg Billionaires Indeх мәліметтеріне сілтеме жасап Утро.ру хабарлады.

Bloomberg мәліметтеріне қарағанда, қытайлық кәсіпкердің дәулеті өткен жылы 3,5 млрд. долларды құрап, 29,6 миллиардқа жеткен. Бұл 2012 жылдан бері рейтингті бастап келе жатқан гонконгтік ірі кәсіпкер Ли Ка-шиннің байлығынан 100 млн. долларға жуық көп.

Соңғы жаңалықтар