Макаров тапаншасы Қазақстан полициясының қызметтік қаруы тізімінен шығарылмайды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің қару-жарағын жаңарту мүмкіндігіне қатысты түсінік берді.
«Қайта жарақтандыру мәселесіне тоқталсақ, аталған жүйенің тапаншасы талап етілетін тактикалық және техникалық сипаттамаларға толық сәйкес келетінін атап өткен жөн. Оның көлемі шағын ғана әрі пайдалануға оңай. Сондықтан осы тапаншаны жақын арада қарудың басқа түрлерімен ауыстыру жоспарда жоқ», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Аталған ведомство қолданыстағы заңнамада атыс қаруын және басқа да қаруды, арнайы құралдарды және дене күшін қолдану шарттарының толық тізбесі белгіленгенін еске салды.
Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі полицейлер қай жағдайда қызметтік қаруды қолданатынын түсіндірді.