Македония қазақ бизнесмендері үшін еркін экономикалық аймақ ұсынуға дайын - Г.Иванов

АСТАНА.  2 шілде. ҚазАқпарат - Македония қазақ бизнесмендері үшін еркін экономикалық аймақ ұсынуға дайын. Бұл туралы бүгін Ақордада Македония мен Қазақстан Президенттері бірлескен мәлімдеме жасау барысында Македония Президенті Георге Иванов мәлім етті.
None
None

«Македония мен Қазақстан өте жақсы достық қарым-қатынаста. Әрі көптеген салалардағы ынтымақтастықты дамыту әлеуеті өте зор», - деді Македония Президенті.

Г. Ивановтың пайымынша, бүгінгі Қазақстарға сапары аясында қол қойылған құжаттар екі елдің бизнесмендері үшін кәсіптерін одан әрі дамытуға мол мүмкіншілк жасайды. «Қазақстанның қол жеткізген экономикалық жетістіктеріне қарап отырып, оны әлемдегі өте қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың бірі ретінде атауға болады. Бұл ынтымақтастықты дамытуға негіз бола алады. Сондықтан Македония инвесторлар үшін еркін экономикалық аймақ ұсынуға дайын», - деді ол.

Осы орайда, Македония Президенті екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытуда бұған дейін осындай мүмкіншіліктердің болмағандығына өкініш білдірді.  Сонымен қатар бүгін қол қойылған құжаттар аталған кемшіліктердің орнын толтыруға мүмкіндік беретіндігіне үміт артатындығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар