Макин қаласының әкімі мемлекетке 4 миллион теңгеден астамға зиян келтірді

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысындағы Макин қаласының әкімі Ш. деген азамат мемлекетке 4 миллион 287 мың 778 теңге зиян келтіргендігі үшін жауапқа тартылатын болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Басқармадан алынған мәліметтерге сәйкес, қала әкімі өткен жылы аудан орталығында 1 мың 100 метр қатты жамылғылы жолды орта жөндеуден өткізуге мемлекеттік тапсырыс есебінен «Амалия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысымен келісімшартқа отырып, бюджеттен қарастырылған 10 миллион 962 мың 537 теңгені мердігер есебіне аудартып береді. Біткен іске әкімдік тарапынан еш тексеру амалдары жүргізілмеген. Өз кезегінде «АКМ» жол-құрылыс зертханасы» серіктестіктің жөндеу жұмыстарына пайдаланылған қатты жамылғының мемлекеттік стандарт талабына сәйкес келмейтіні және жол жамылғысының сапасыздығы жөніндегі қорытындысы құқық қорғау органдарының назарын аударған. Өткен жылдың желтоқсанында жасалған құрылыс-экономикалық сараптамасының нәтижесінде жұмыстың барлық буындары бойынша талаптың орындалмағаны айқындалып, атқарылған іс -шаралардың жалпы көлемі 6 миллион 674 мың 759 теңге құрайтыны анықталды. Қаржы полициясы мемлекеттік лауазымды қызметкердің үстінен ҚР ҚК-сінің 307 бабының 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғады.
Соңғы жаңалықтар