Макинскідегі көпқабатты тұрғын үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады

Аймақ басшысының қабылдауына келген Макинск қаласының тұрғындары Алтын Нұрқанова, Зоя Закворяжина, Наталья Еременко Уәлиханов көшесінің бойындағы екі тұрғын үйді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу туралы мәселе көтерді.
Мәлік Мырзалин қазіргі кезде аудан әкімдігі бірінші кезекте құжаттарды рәсімдеп жатқанын және алдағы уақытта байқау жариялап, мердігерді анықтайтынын айтты.
Жоба 2019 жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын болады. Сол кезде көпқабатты 20 үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады. Оның ішінде қабылдауға келген тұрғындар тұратын үйлер де бар.
Сонымен қатар, осы күні қабылдауда болғандар азаматтар облыс әкімнің айтулы шәкіртақысын алу, жер теліміне қатысты мәселелерді шешуге көмектесуді сұрады.
Мәлік Мырзалин қабылдауға келген барлық азаматтардың өтініш-тілектері ескеріліп, заң аясында шешілетіндігін түсіндірді.