Мақпал Жүнісова бастаған Қарағанды облысының тумалары ЭКСПО-да концерт береді

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қарағандылық әртістер алты спектакль көрсетіп, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өткізеді, сондай-ақ ел жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, «Астана-ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағында өтетін «KAZAKH INVEST» алаңында өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдығы, Ә. Бөкейханның шығармалар жинағының 15 томдығы және «Қаз дауысты Қазыбек би» 2 томдығы салтанатты түрде табыс етілетін болады.
Назарларыңызға алдағы күндері өтетін мәдени және спорттық іс-шаралар тізімін ұсынамыз:
Сейсенбі, 5 қыркүйек:
11:00 - «KAZAKH INVEST» алаңында облыстың инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады.
15:00 - «Этноауыл» («Қазанат» ипподромы) - Қарағанды облысы күндерінің салтанатты ашылуы. Сол жерде қазақ күресі, тоғызқұмалақ және асық атудан жарыстар өтеді.
18:00 - «Бәйтерек» монументі жанындағы алаң - Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік пен Академиялық музыкалық комедия театрының «Әлемдік классикалық музыканың жауһарлары» мерекелік бағдарламасы.
18:00 - оң жағалаудағы қалалық алаң - Қарқаралы ауданының «Балқантау сазы» фольклорлық ансамблінің бағдарламасы.
19:00 - оң жағалаудағы қалалық алаң - Сәтбаев көркемөнерпаздар ұжымының концерттік бағдарламасы.
20:00 - «Бәйтерек» монументі жанындағы алаң - Балқаш көркемөнерпаздар ұжымының өнер көрсетуі.
20:00 - оң жағалаудағы қалалық алаң - Байжанов атындағы концерттік бірлестік джаз оркестрінің концерті.
Сәрсенбі, 6 қыркүйек:
11:00 - Қазақстанның ұлттық кітапханасы - Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қорына «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдығын, Ә.Бөкейханов шығармаларының топтамасы 15 томдығын, «Қаз дауысты Қазыбек би» 2 томдығын салтанатты табыстау.
17:00 - «Этноауыл» - облыстың шығармашылық ұжымдарының «Өнер көзі - халықта» мерекелік фольклорлық бағдарламасы.
21:30 - «ЭКСПО» көрмесі аумағындағы амфитеатр - Қарағанды облысының тумалары, қазақстандық эстрада жұлдыздары: Мақпал Жүнісованың, Бекболат Тілеуханның, Қарақат Әбілдинаның, Қыдырәлі Болмановтың, «Ақанай» тобының, «Ұлытау» тобының, Ерлан Көкеевтің және «К7» тобының, Болат Құсайыновтың, Жәмилә Баспақованың, Жан Тапиннің, Қайрат Баекеновтың және «Формат» тобының, Роман Кимнің, Нуржан Керменбаевтің және «Арнау» дуэтінің қатысуымен Гала-концерт.
Бейсенбі, 7 қыркүйек:
17:00 - «Астана» кинозалы - «Қарағанды облысының мәдениеті мен өнері» көрмесінің салтанатты ашылуы.
19:00 - «Астана» кинозалы - Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен дәстүрлі ән орындаушылардың қатысуымен «Сәлемі Сарыарқаның ән болып ұшқан...» атты концерт.
19:00 - Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры - М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклін С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры сахналайды.
Жұма, 8 қыркүйек:
18:00 - «Қазанат» ипподромы - «Сарыарқа» спорттық шараларының театрландырылған ашылуы:
- Шабандоздық (көрнекі өнер көрсету);
- Спорттық шараларға қатысушылардың салтанатты шеруі:
«Бессайыс» ұлттық көпсайыс бойынша көрнекі өнер көрсету;
- Қыз қуудан көрнекі өнер көрсету;
- Жамбы ату бойынша жарыс;
- Аударыспақ бойынша сайыс (5 салмақ дәрежесі);
- Теңге ілу бойынша жарыс;
- Көкпар бойынша көрнекі өнер көрсету
- Ат үстіндегі шөген бойынша көрнекі өнер көрсету
18.40 - «Қазанат» ипподромы - аң аулайтын құстармен көрнекі өнер көрсету және иттердің көрмесі;
- Қазақ күресінен жарыс (3 салмақ дәрежесі);
- Тоғызқұмалақтан жарыс;
- Асық атудан жарыс.
19:00 - «Астана» кинозалы - И.Кальманның «Принцесса цирка» опереттасы Академиялық музыкалық комедия театры
Сенбі, 9 қыркүйек:
12:00 - «Бәйтерек» алдындағы алаң - облыстың көркемөнерпаздар ұжымдары мен шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы.
12:00 - оң жағалаудағы қалалық алаң - облыстың этно-мәдени бірлестіктері, шығармашылық және көркемөнерпаздар ұжымдарының «Астана - достық қаласы» бағдарламасы.
18:00 - «Қазанат» ипподромы - «Бессайыс» ұлттық көпсайыс бойынша көрнекі өнер көрсету;
- Қыз қуудан көрнекі өнер көрсету;
- Жамбы ату бойынша жарыс;
- Аударыспақ бойынша сайыс (финал);
- Теңге ілу бойынша жарыс; (финал)
- Көкпар бойынша көрнекі өнер көрсету
18.20 - «Қазанат» ипподромы -- Қазақ күресі бойынша жарыс (финал);
- Тоғызқұмалақтан жарыс (финал);
- Асық атудан жарыс (финал).
-Марапаттау салтанаты.