Макрон армияны нығайту үшін жас еріктілерді тартпақшы

АСТАНА.KAZINFORM — Франция президенті Эммануэль Макрон армияны нығайтуға ерікті түрде көбірек жастарды «жұмылдыру» жоспарын айтты. Қарулы күштерге арнаған дәстүрлі жаңажылдық жолдауында Франция президенті елдің жаңа қауіп-қатерлерге бейімделуге мәжбүр екенін баса айтты. Атап айтқанда, ол әлемнің кейбір елдерінде жаңа, «қатер төндіретін» ядролық доктринаның қабылданғанын атап өтті, деп хабарлайды Radio France.

Макрон
Фото: Михаил Климентьев /  ТАСС

Француз көшбасшысының айтуынша, Еуропаға «стратегиялық ояну» және қорғаныс саласында АҚШ-тан көбірек тәуелсіздік қажет. Дональд Трамп тұсында АҚШ-тың еуропалық одақтастарынан алшақтау қаупі айтарлықтай артады.

Макрон сонымен қатар Ұлттық стратегиялық шолуды мамыр айына дейін жаңартуға шақырды. Бұл құжат ұлттық және халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік секторына шолу жасайды және Францияның таяу жылдардағы стратегиялық және операциялық қиындықтарын анықтайды.

Осы тұрғыда Президент француз қарулы күштерін жаңа жас еріктілермен нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол үкімет пен Бас штабтан мамыр айына дейін «ерікті жастардың қарулы күштер қатарында жаттығып, қатарларын нығайтуға мүмкіндік беру» туралы ұсыныстар енгізуді талап етті.

— Францияда міндетті әскери қызметті қайтару жоқ. Біз еріктілерді жақсырақ анықтауымыз керек», «оларды оқытып, қажет болса, „Франция астанасында және басқа жерлерде“ қарулы күштерді нығайту үшін жұмылдыра білуіміз керек, — деп түсіндірді президент.

Оның айтуынша, әңгіме кәсіби армияға «көмек көрсету үшін» құрылған резерв туралы болып отыр. Мемлекет басшысы «Әскери жоспарлау туралы» заңда 2035 жылға қарай қызметтегі әрбір екі әскери қызметкерге бір резервист даярлау, яғни 100 мың адамдық армия резервін құру көзделгенін еске салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Франция жаңа үкіметінің құрамы белгілі болғанын жазған болатынбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар