01:32, 11 Қазан 2025 | GMT +5
Макрон Себастьен Лекорнюді Францияның премьер-министрі етіп қайта тағайындады
АСТАНА. KAZINFORM – Франция президенті Эмманюэль Макрон төрт күн бұрын ғана отставқа кеткен және үкіметті әрі қарай басқарғысы келмейтінін мәлімдеген Себастьен Лекорнюді қайтадан премьер-министр қызметіне тағайындады, деп хабарлады BBC News.
Лекорнудың қайта тағайындалғаны жөнінде Елисей сарайы президенттің жаңа премьер-министрді тағайындауға өзіне берген 48 сағаттық мерзімі аяқталған соң хабарлады.
Айта кетелік Францияда жаңа премьер-министр 48 сағат ішінде тағайындалуы мүмкін екенін жазған едік. Сонымен қатар Макрон қызметінен кеткен Франция премьеріне үкіметін сақтап қалу үшін екі күн уақыт берген еді.
Ал 6 қазан күні таңертең Елисей сарайында Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню отставкаға кету туралы өтініш берген еді.