Мақсатымыз - тәуелсіздігімізді, халқымыздың тыныштығын бұзуға бағытталған кез келген әрекетті тойтаруға дайын қуатты армия құру - Н.Назарбаев

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Мақсатымыз - біздің шекарамызды, тәуелсіздігімізді және халқымыздың тыныштығын бұзуға бағытталған кез келген әрекетті тойтаруға дайын ықшам, қуатты армия құру.
None
None

 Бүгін  Ақордада бірқатар әскери қызметшіге арнаулы атақтар мен шендер табыс еткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, бүгінде елімізде қарулану бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Оның жарқын дәлелі күні кеше аяқталған «KADEX» көрмесі. Ол біздің еліміздің басқа мемлекеттердің қару-жарағына және олардың біздің елдің қаруына қызығушылығын білдірді.

«Біздің мақсатымыз - шекарамызды, тәуелсіздігімізді және халқымыздың тыныштығын бұзуға бағытталған кез келген әрекетті тойтаруға дайын ықшам, қуатты армия құру. Біз Отанның кез келген бұйрығын орындауға дайын болу үшін  өз шеберліктерімізді шыңдай түсуіміз қажет. Сіздер сондайсыздар деп үміт артамын және жауынгерлерді, кіші офицерлерді осы жолда тәрбиелейтін боласыздар. Сіздерді үлгі тұтып, біздің жастарымыз өсетін болады», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар