Максим Ізбасов Атырау облысының ең мұнайлы ауданының әкімі болып тағайындалды

Кандидатурасы аудандық мәслихаттың депутаттарымен келісілген жаңа әкімді активке облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов таныстырды.
Максим Ізбасов - тек Жылыой ауданында ғана емес, облыста танымал жан. Көп жылдар бойы ол мұнай операторы болып жұмыс істеген, одан кейін «Құлсарымұнай», «Теңізмұнайгаз», «Құлсарымнайгаз» мұнай-газ шығару басқармаларын басқарған, «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры болып қызмет атқарды. Белгілі бір себептермен облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің тобымен жұмыс істей алмай, соңғы жылдары NCOC консорциумында жергілікті билік көздерімен байланыс бойынша аға кеңесші қызметін атқарды.
Актив кезінде айтылғандай, енді ауданның бұрынғы әкімі Рахметолла Нұғыманов басқа қызметке ауыстырылады.
Жылыой ауданы - Атырау облысының ең мұнайлы ауданы, оның аумағында баршаға танымал Теңіз кен орны орналасқан.