17:06, 15 Шілде 2025 | GMT +5
Максим Почивалов стенд атудан Италиядағы халықаралық турнирде топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық мерген Максим Почивалов стенд атудан Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан GREEN CUP халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.

ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз «скит» жаттығуында сәтті өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алды.
Одан бөлек, Қазақстан құрамасы «трап» жаттығуында, командалық сайыста және жекелей сында бақ сынайды.
Айта кетейік, аталған жарысқа 33 елден 400-ден аса спортшы қатысып жатыр. Ал Қазақстан атынан 36 мерген өнер көрсетіп жатыр.
Турнир 21 шілдеге дейін жалғасады.
Айта кетейік, «Жайық» волейбол клубы Орталық Азия чемпионатында бақ сынайды.