Мақта теруге барып мерт болған жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында түнде мақтаға тұншығып өлген жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мақта теруге барып мерт болған жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

null

Айта кетейік, күні кеше ғана Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында 16 жасар баланың өлі денесі мақта тиелген тіркемеден табылған болатын . Ол мақта жинау жұмыстарына барған кезде бақилық болғаны анықталды. Қазір Ордабасы аудандық полиция бөлімімен кісі өліміне әкеп соққан іске қатысты тергеу амалдары басталып кетті. Жұмыс беруші мен сол түнгі жұмысшылардан жауап алынуда екен.

null 

«Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 156 бабы «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бойынша Ордабасы аудандық полиция бөлімінің біріңғай тексеру тізіміне тіркелді бұл жағдай. Қазіргі таңда бірнеше сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Қайтыс болған жасөспірімнің туыстары болса жұмыс берушілер мектеп жасындағы жасөспірімдерді түнгі ондар шамасында алып кеткенін айтады. Сол күні өзге сыныптастарымен Бағдәулет Өтебаев та барыпты. Себебі, үйінде қой дейтін ата-анасы болмаған. Алыс жаққа нәпақа тауып кеткен екен. Түнгі екілер шамасында бір тіркеме мақтаны басып болған Бақдәулет екінші тіркемеге мақта артуды күтіп отырғанда көзі ілініп кетеді. Сол кезде оның үстінен 2 тонна мақтаны салып жіберген. Ауыр мақтаны көтере алмаған жасөспірім сол жерде тұншығып, жан тапсырған. Алайда, мектеп оқушысын мақтаның астында қалғанын ешкім білмеген. Оны ешкім іздемепті да. Жұмыс беруші егістікте алаңсыз тірлігін таңертеңге дейін жалғастырған. Сөйтіп, ертесіне тіркемедегі мақтаны қабылдау пунктіне апарып аударып жібергенде, баланың өлі денесі астынан шыққан.

null 

Айта кетейік, марқұм болған Бақдәулет отбасындағы 4-ші баласы екен. Қолы қалт еткенде ата-анасына қолғабыс жасаған жасөспірім сол түнгі еңбегі үшін небәрі 500 теңгеге жалданыпты. Бүгінде туыстары жұмыс берушінің бала өміріне жауапсыз қарағанына ашынып отыр.

null 

«Бағдәулеттің денесін қарағанда көрдім, өкпесі езіліп кеткен ғой, қанталап кеткен. 2 тонна мақта құлаған үстіне, оны көтеріп шығу ұйықтап жатқан балаға оңай болмаған ғой. Сонда оқушыларды түн жарымда жұмысқа апарып отырып, олар қайда екен деп іздемегені несі. Мақтасы құрысын деп тіркемені аударып іздесе де аман қалар ма еді. Бір жұтым ауаға зар болып өлген баламыз», - дейді бақилық болған баланың туысы Гульвира Дәулетова.

null 

Төрткүл ауылындағы орта мектептің 11-шы сынып оқушысы болашақта автоэлектрші болуды армандаған екен. Енді арманы орындалмаған жасөспірімнің мәйітін туыстары кеше жер қойнына тапсырды. Туыстары кінәлілер жазадан жалтарып кетпей, жауапқа тартылғанын қалайды.

null null