Мақтаарал ауданында «Жайдарман» ойындары өтті

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Жайдарман» орталық лигасы ойындары болып өтті. «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен өнер сайысына арнаулы орта оқу орындары мен жалпы орта мектептерден 9 команда қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ойын барысында әр топ өзінің жеңіске деген жігерлілігі мен тынымсыз ізденістерін, тыңғылықты дайындықтарын көрсетті. Еліміздің кешегісі мен бүгінін, жаһандану дәуірінің артықшылықтары мен кейбір кемшін тұстарын, бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің ақсап тұрған жерлерін астарлы әзіл-қалжыңдарымен көрерменге жеткізе білді. Әділ қазылардың шешімімен «Сәтбаев серілері», «Онлайн», «Мақтаарал мақтаныштары», «Болашақ жастары», «Алақай балақай», «Серілер» сынды командалар жайдарманның келесі кезеңі жартылай финал ойынына жолдама алып, жеңіске жетті. Ойын соңында республикалық лигаларда өзіндік ойын үлгісімен танылып, ауданның намысын қорғап жүрген жайдарманшылар ізбасар іні-қарындастарына өз өнерлерін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар