12:39, 23 Маусым 2016 | GMT +5
Мақтаарал ауданының диқандары Мәскеу және Беларуське алғашқы өнімдерін жөнелтті - ОҚО
АСТАНАН. ҚазАқпарат - Мақтаарал ауданы экономикасының күретамыры болып табылатын ауыл шаруашылығында тың жобалар, өркенді істер қанат жайып, жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер бойынша жұмыс жүргізуге баса мән берілуде, деп жазады egemen.kz.

Биыл ауданда 136,4 мың гектар суармалы егістіктің 83,5 мың гектарына мақта шиті орналастырылса, 27 мың гектарына бақша, 4,8 мың гектарына көкөніс, тағы басқа дақылдар егілді.
- Қазірдің өзінде аудан диқандары мол өнімді саудаға шығарып үлгерді, - дейді Ділдәбеков ауылдық округі диқандарының қауын алқабында жолыққан аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев бізбен әңгімесінде.
- Баға диқандар үшін өте тиімді болып тұр. Қауын-қарбыз еліміздің солтүстік облыстарына және алыс-жақын шет мемлекеттерге жөнелтілуде.
Ділдәбеков және Ералиев ауыл округтері диқандары біз барған күні Мәскеу және Беларуське алғашқы өнімдерін жөнелтті.