«Мақтарал» қатарынан үш мәрте жеңіске жетті

Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 22-турының алғашқы ойын күні аяқталды., деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Аталған турдағы алғашқы ойын Павлодарда жергілікті «Ақсу» мен Көкшетаудың «Оқжетпес» командалары арасында өтті.

Екі команда да турнир кестесінде төменгі орындарда келеді. Олардың әрбіріне жеңіс ауадай қажет болатын. Десе ойын барысында көкшетаулық клуб жинақы ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Тағы бір ойында Ақтаудың «Каспийі» өз алаңында Түркістан облысының «Мақтаралын» қабылдады. Бұл ұжымдар да төменгі орындарды місе тұтып келе жатыр. Десе де түркістандық команда соңғы төрт кездесудің екеуінде жеңіске жетіп, екеуінде тең түсті.

Ал «Каспий» сүреңсіз ойынымен ұпай қорын молайта алмай келеді.

Кездесу барысында Жан-Али Пайруз 45-минутта өз командасын алға шығарса, Сағадат Тұрсынбай 85-минутта есепті үстемелей түсті.

Осылайша «Мақтарал» қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Қатарынан үш мәрте жеңіске жеткен команда турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.

Енді 16 қыркүйекте «Атырау» мен «Қызылжар», «Астана» мен «Тобыл», «Ақтөбе» мен «Ордабасы», 17 қыркүйекте «Жетісу» мен «Қайрат», «Шахтер» мен «Қайсар» командалары кездеседі.


Соңғы жаңалықтар