«Мақтарал» өз алаңында «Жетісудан» жеңіліп қалды

Алғашқы ойын күніндегі екінші кездесуде «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Жетісу» (Талдықорған) шеберлік байқасты.
Командалар биылғы біріншілікті сәтсіз бастады. Салдарынан екеуі де турнир кестесінде төменгі орындарда келе жатқан еді.
Бүгінгі кездесуде талдықорғандық команда жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде Рати Ардазишвили 9, Равиль Атыханов 22-минутта мергендік танытты.
Ал 95-минутта «Мақтарал» ойыншысы Рамазан Кәрімов пенальтиден есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша «Мақтарал» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
Енді сегізінші турда «Мақтарал» 6 мамырда сырт алаңда елордалық «Астанамен» кездессе, «Жетісу» 7 мамырда өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпеспен» шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қызылжар» ел біріншілігінде алғаш рет ұпай жоғалтты.
Ал 23 сәуірде «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Шахтер» (Қарағанды), «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе», «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент). «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» командалары кездеседі.