Мал азығына ерте қамданған өңір белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

мал азығы, жемшөп
Фото: АШМ

2025–2026 жылғы қыстақ маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары жалғасып жатыр.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 23 млн тонна шөп (жоспардың 93,6%), шамамен 1,8 млн тонна сүрлемшөп (105,5%), 1,4 млн тонна құрамажем (24,5%), 1 млн тонна сүрлем (50,8%) және 1,8 млн тоннадан астам сабан (39,2%) дайындалған.

— Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (116,2%), сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында (100%) жүргізіліп келеді. Дайындалған мал азығының көлемі жоспарланған өнім өндіруді, төл алуды және мал басының сақталуын қамтамасыз етуге жеткілікті. Жалпы, республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты, — делінген АШМ таратқан ақпаратта.

Бұған дейін АШМ-ға 2 айда мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар