08:22, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Мал шаруашылығына арналған жем-шөптің деңгейі артта қалып отыр - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Шілденің 12-сі күніне орай Павлодар облысында 120 мың гектар ғана шөп шабылған, бұл былтырғы жылдың осы уақтындағы көрсеткіштен үш есеге кем, деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасы. Павлодардың Ертіс жанындағы шабындық жері 1,1 млн. гектарды құрайды.

Соңғы күндерге дейін құрғақ және ыстық ауа-райы сақталған, шөп өспеген. Аймақта орташа есеппен бір гектардан 3,6 центнер шөп алынады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда екі есеге аз.
Жайылмалары бар аудандар жаздың соңында шабындық шөп аламыз деп отыр, көптеген шаруашылықтар өткен жылғы қалдықтарға үміттенеді.