Ирактағы кен орны дрон шабуылынан кейін мұнай өндіруді тоқтатты
АСТАНА. KAZINFORM — Ирактағы американдық HKN Energy компаниясы басқаратын Сарсанг кен орнында мұнай өндіру дрон шабуылынан кейін тоқтатылды. Бұл туралы автономиялық аймақтағы мұнай министрлігінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Карван Бабан мәлімдеді, деп жазды ТАСС.
— Екі ұшқышсыз ұшақ мұнай кен орнына шабуыл жасады, — деді кеңесші.
Шабуыл өндіріс орынына зақым келтіріп, компания мұнай өндіруді тоқтатты. Қауіпсіздік кеңесшісі «шабуылдан зардап шеккендер жоқ» деп қосты.
Еске салайық, ақпанның 28-і күні Ирактағы әскери база шабуылға ұшырады. Кейін елдегі АҚШ-тың Виктория әуе базасына дрондар шабуыл жасады.
Сондай-ақ Ирактың барлық провинцияларында ұлттық энергия жүйесінің істен шығуына байланысты жарық жаппай сөндірілді.