21:33, 01 Маусым 2024 | GMT +5
Малайсарыда вагон цистернасынан күкірт қышқылы аққан
КЕРБҰЛАҚ. KAZINFORM — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Малайсары теміржол вокзалында вагон цистернасынан диаметрі 25 мм болатын апаттық клапаннан күкірт қышқылы ақты.

Вагон-цистернаны салқындату жұмысы жасалды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Алтынбековтың айтуынша, құтқарушылар алдын ала 10 үйден 46 адамды эвакуациялаған.