Малайзияда алып питон екі ешкіні жұтып қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Паханг (Малайзия) штатының біріндегі ауыл тұрғындары фермердің екі ешкісін бірдей жұтып қойған алып питонды тапты.
Бес метрлік жылан түсірілген видеоны Daily Mail 24 қаңтар күні жариялады. Рептилия жұтып қойған жемтігінің ауырлығынан орнынан қозғала алмағандығы аталып өтіледі.