Малайзияда әскери-теңіз күштерінің екі тікұшағы соқтығысып, 10 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Малайзия Әскери-теңіз күштерінің екі тікұшағы әскери парадқа дайындық кезінде соқтығысып, борттағы барлық 10 экипаж мүшесі қаза тапты, деп хабарлады BBC.

10 человек погибли при столкновении вертолетов ВМС в Малайзии
Фото: Perak Fire and Rescue Department

Жергілікті БАҚ жариялаған кадрлардан жерге құламас тікұшақтардың қалай соқтығысқанын көруге болады.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 09:30-да Малайзия корольдік әскери-теңіз күштерінің базасы орналасқан Лумут қаласында болған.

Тірі қалғандар табылмады.

«Зардап шеккендердің барлығы оқиға орнында қаза тапты, деп жарияланды, кейбірін анықтау үшін әскери госпитальға жіберілді», - делінген Малайзия корольдік әскери-теңіз күштерінің мәлімдемесінде.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін комиссия құрылды.

Тікұшақтардың бірі, бортында жеті жолаушысы бар HOME 503-3 тағы үш жолаушысы бар Fennec M502-6 тікұшағына соғылды деген болжам бар.

Наурыз айында Малайзиядағы Ангса аралында оқу-жаттығу кезінде Малайзия жағалау күзетінің тікұшағы теңізге құлаған. Ол жолы екі ұшқыш пен борттағы екі жолаушыны балықшылар тауып алып, құтқарып алған еді.

Соңғы жаңалықтар