Малайзияда ұшақ қала маңына құлап, 10 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Малайзияда жеке ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Малайзияда ұшақ қала маңына құлап, 10 адам қаза тапты
Фото: Anadolu Agency

Әуе кемесі Лангкави халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Шам Алам қаласының маңында апатқа ұшыраған.

Салдарынан 6 жолаушымен 2 экипаж мүшесі, сонымен қатар ұшақ құлаған елді мекеннің 2 тұрғыны қаза тапты.

Ақпаратты Малайзияның азаматтық авиация басқармасы растады.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша 14:08-де болған. Ұшақ Куала-Лумпурдегі Сұлтан Абдульазиз әуежайына бағыт алған.