22:53, 19 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Малайзияда жауыннан кейінгі селге байланысты 15 мыңнан астам адам эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Малайзиядағы қатты сел салдарынан 15 мыңнан астам адам уақытша орналастыру пункттеріне көшірілді, деп жазды Bernama агенттігі.
Су деңгейінің күрт көтерілуі алты штаттың мыңдаған тұрғындарын үйлерінен кетуге мәжбүр етті. Эвакуацияланғандардың жалпы саны — 15 358 адам.
Сел келтірген зиян негізінен мына штаттарды қамтыды:
-
Паханг — 13 472 адам
-
Тренгану — 1 344 адам
-
Джохор — 356 адам
-
Келантан — 186 адам
2024 жылы Малайзияны жайлаған селден келтірілген жалпы зиян 933,4 миллион ринггитке, яғни 228,6 миллион АҚШ долларына тең болды, бұл елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) шамамен 0,05%-ына сәйкес келеді.
Өткен айда да Малайзиядағы су тасқына байланысты эвакуацияланғандар саны 18 мыңнан асқан еді.