Малайзиядағы су тасқына байланысты эвакуацияланғандар саны 18 мыңнан асты

АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күнгі жағдай бойынша, Малайзияда солтүстік-шығыс муссондары маусымындағы төтенше жағдайларға байланысты 18 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғат апатынан 10 штат зардап шеккен, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

наводнение
Фото: Синьхуа

Бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауған Келантанада 9700 адам су тасқынына байланысты көшірілді. Олар көмек көрсету үшін ұйымдастырылған 40 орынға орналастырылды.

Қатты зардап шеккен өзге аудандар қатарына Селангор штаты жатады. Ол жерден 2718 адам және Перак штатынан 2881 адам көшірілді.

Малайзия үкіметінің Бас хатшыы Шамсул Азрия Абу Бакар биліктің су тасқынынан зардап шеккен аудандарға түрлі сала өкілдері мен материалдар жолдағанын хабарлады.

Білім министрі Врнге Ка Во муссондардың жалпымемлекеттік емтиханды тапсыруға кедергі болмайтынын жеткізді. Себебі жағдайды реттеу үшін шұғыл шаралар қолға алынған.

Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагим баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық табиғи апаттармен күрес агентігінің су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарына көңілі толатынын айтты.

Осыған дейін Малайзияда су тасқыны салдарынан 4,2 мыңнан астам адам эвакуацияланғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар