Мальдив аралдары Израиль азаматтарына елге кіруге тыйым салды

АСТАНА. KAZINFORM – Мальдив аралдары Газа секторындағы қақтығысқа байланысты Израиль азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салады. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап, 24.kz хабарлады. 

Мальдив аралы
Фото: Pixabay.com

Президент кеңесі Министрлер кабинетінің ұсынысымен осындай шешім қабылдаған. Үкімет қолданыстағы заңға түзету енгізіп, оны қадағалау үшін Министрлер кабинетінің кіші комитетін құрады. Израиль Сыртқы істер министрлігі тыйым салу туралы хабардан кейін аралға барудан бас тартып, онда жүрген азаматтарға елге қайтуға кеңес берді. 

«Өйткені олар белгісіз себеппен қиындыққа тап болса, көмектесу мүмкін болмайды», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Катар, Мысыр және АҚШ билігі Израиль мен палестиналық ХАМАС-ты Газа секторындағы атысты тоқтату және өткен жылдың 7 қазанындағы шабуыл кезінде тұтқынға алынған израильдіктерді босату туралы келіссөздерді қайта бастауға шақырғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар