Мальдив аралдарына туристік ағын артып келеді: 2025 жылы жаңа рекорд орнауы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Мальдив аралдарының Валюта басқармасы 2025 жылға арналған туристік келушілер санының болжамын рекордтық 2,3 миллион адамға дейін арттырды, деп жазды Синьхуа агенттігі мемлекеттік PSM News агенттігіне сілтеме жасап.

Мамыр айында басқарма 2,2 миллион халықаралық турист келеді деп күткен болатын. Болжамның қайта қаралуына бірінші жартыжылдықтағы жоғары көрсеткіштер себеп болды — туристердің саны жылдық есеппен 9,1%-ға артқан. Маусым айының соңына дейін елге 1 108 130 турист келген.
Сонымен қатар, басқарма келесі жылы — 2026 жылы — 2,4 миллион турист келеді деп болжап отыр.
Мәліметтерге сәйкес, жыл ортасына дейін саяхаттап келгендер саны 6 892 533-ке жеткен, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға артық.
Басқарма болжамның жаңартылуын қолайлы нарықтық жағдайлармен және инфрақұрылымның жақсаруымен, атап айтқанда Велана халықаралық әуежайында жаңа жолаушылар терминалының іске қосылуымен түсіндіреді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мальдив аралдары Израиль азаматтарына елге кіруге тыйым салғанын жазған едік.