Малиде белгісіз біреулер қонақүйге шабуылдады, құрбан болғандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малиде Севарэ қаласында белгісіз біреулер қонақ үйге шабуылдады, ақпараттық агенттіктердің хабарлауынша, бұл орынға негізінен шетелдіктер орналасқан.
None
None

Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, бір адам қаза тапқан, зардап шеккендер жайлы дерек әзірге жоқ.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, құқық қорғау органдары шабуылдаушыларды тоқтатуға тырысуда.

Бұдан басқа, расталмаған ақпаратқа сүйенсек, олар әскерилер лагеріне жақын орналасқан қонақүйді нысанаға алған.

Үрейленген жергілікті тұрғындар үйлерінде қамалып отыр. Куәгерлердің хабарлауынша, атыс толастар емес.

Соңғы жаңалықтар