17:33, 05 Шілде 2025 | GMT +5
Мальоркадағы Ryanair ұшағындағы өрттен 18 адам зардап шекті
АСТАНА. KAZINFORM - Ирландиялық Ryanair компаниясына тиесілі ұшақ бортындағы өрттен 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

- Ryanair ұшағы бортындағы өрт туралы хабарлағаннан кейін әуе кемесі Пальма-де-Майорка әуежайына қонды, - деп хабарлады Diario de Mallorca.
Дәрігерлер ұшақтағы 18 жолаушыға көмек көрсетті. Олардың көпшілігі ұшақтың қанатындағы авариялық шығулар арқылы эвакуациялау кезінде жарақат алған. Алты адам ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, ресейлік туристер мінген ұшақ Мальдивте екі рет мұхитқа қонуға мәжбүр болғанын жазған едік.