07:50, 17 Қазан 2013 | GMT +5
Малшыларға арналған мобильді үйлер
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Железин ауданында малшылар мобильді үйге ие болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Үйде жайлы өмір сүруге қажеттінің бәрі бар, күннен қуаттанатын батареялар және жел генераторымен жабдықталған пеш-қазандық, жатын бөлме мен ас үй бар.
Аталмыш жоба «Жайлау» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржыландырылып, үш миллион теңгене шықты.
Биыл Железин ауданында осындай төрт үйді орнату жоспарлануда.