Малын өріске қараусыз жіберетін қазақстандықтар азаймай отыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанда малын бақылаусыз жіберген 25 мыңнан астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәжірибе көрсеткендей көбіне жайылымдағы мал ұрланады. Себебі, олар ұзақ уақыт қараусыз қалады. Осылайша еліміздегі мал ұрлығының 56,6% жайылымдарда жасалады. Ұрлық фактілерін тежеуде алдын алу шаралары қарастырылған. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, 2020 жылы сәуірде мал жаюдың қағидасы әзірленді. Оған сәйкес өріске бақылаусыз жіберуге тыйым салынады. Тәртіпті бұзғандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген», - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов ведомствода өткен брифингте.

Оның айтуынша, биыл малын бақылаусыз жіберген 25 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Өткен аптада ел аумағында «Мал ұрлығы» кезекті жедел-алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Оған 4 мыңнан астам полиция қызметкері мен ауыл шаруашылығы және ветеринариялық бақылау басқармаларының 327 маманы жұмылдырылды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар