Мамандар 8 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 наурыз бен 20 шілде аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 8605 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңес алды, деп жазады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайтында.
None
None

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 8605 азаматтың 5242-сі түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 1832 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 1531 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды.

Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 20 шілде аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде 1942 шалғай ауылдық округті қамтып, оларға 3615 рет барды. Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі барлық өтініштер бойынша электрондық іс макеттері жасақталып, өкілетті органның қарауына жіберілді. Ағымдағы жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша 1410 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Зейнеткерлік куәліктер және хабарламалар азаматтарға жұмылдыру топтарының келесі сапарларында жеткізілетін болады. Жұмылдыру топтарының жұмысы пилотты режимде жылдың соңына дейін созылады. Тұрғылықты жері бойынша қызмет алушыларға қызмет көрсету (құжаттарды қабылдау және шот ашу) мемлекеттік қызметті алу уақытын және шығындарды төмендетуді, қолайлылықты, оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етеді. Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12 наурызда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар