Мамандар альпинистік құралдардың көмегімен балаларды құтқарды
АСТАНА. KAZINFORM - ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді. Оқиға елорданың Сарыарқа ауданындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде болған.
Анасы дәлізге шығып кеткен сәтте кішкентай балалар сыртқы есікті іштен қатты жауып, оны қайта аша алмаған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен 11-қабаттың терезесінен 9-қабатқа төмен түсіп, 2021 және 2025 жылы туған балаларды аман-есен анасына тапсырды.
ТЖМ ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
Айта кетейік, Талдықорған қаласының Қаратал шағынауданында бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шықты. Жедел қызметтердің үйлесімді әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.