Мамандар ана тілін ұмыту мүмкін еместігін дәлелдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өз ана тілінде сөйлеген ортада аз болған балалар қостілді қатар қабылдайды екен. Себебі, ана тілі мида өшпес із қалдыратын көрінеді. Жаңа зерттеуге 10-нан 17 жасқа дейінгі жас аралығындағы балалар қатысты, деп жазды "Газета.RU".
None
None

Бірінші топтан еріктілер французша сөйлеген отбасыда туып, тәрбиеленген. Екінші топ қатысушылары Қытайда туып, үш жастарында французша сөйлейтін отбасыда өскен. Бұл балалар қытайша сөйлеген. Ал үшінші топ еріктілері французша да, қытайша да сөйлеген, яғни қостілді болған.

Мамандар тапсырма береді. Балалар француздың "vapagne" және "chansette" сөздерін сәйкестендіруі тиіс. Сонымен бірге, зерттеушілер еріктілердің ми белсенділігін МРТ пайдаланып, бақылаған. Балалар тапсырманы бірдей жақсы орындаған. Алайда ми белсенділігінен еркшелік байқалды.

Тек француз тілінде сөйлейтін қатысушылар тапсырма орындағанда, олардың сол төменгі маңдай қатпарында және мидың алдыңғы шар тәріздес бөлігінде белсенділік артқан. Ал екі басқа топтағы балаларда оң орта маңдай қатпары мен сол орта маңдай қабығында, екіжақты жоғарғы самай қатпарында белсенділік деңгейі артқан. Сонымен, өз тілінде көптен бері сөйлемеген қытайлық еріктілер сөзді қостілді қатысушылар сияқты қабылдаған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум