Мамандар еліміздегі археологиялық ескерткіштерді жойылып кетуден сақтаудың жаңа жолын ұсынды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Археологиялық ескерткіштерді қайта қалпына келтірудің және оларды жойылып кетуден сақтаудың бірден-бір жолы - оларды виртуалды кеңістікке енгізу. «Ғылым ордасы» РМК Археология музейінде өткен «Виртуалды қазындылар» көрмесінде «Қазқайтажаңғырту» мемлекеттік мекемесінің архитекторы Руслан Зұлпықаров осылай деді.
None
None

Оның айтуынша, археологиялық ескерткіштерді сақтап қалу - бүгінде әлемдік мәселеге айналып отыр.

«Уақыт пен табиғат құбылыстарының өзі-ақ оларды жойып жатыр. Енді ең болмаса адам қолымен жойылмаса екен. Біз күні бүгінге дейін ескерткіштерді бұрынғы кеңес заманынан қалған ескі әдістермен өлшеп келдік. Яғни, оны арнайы тахометр арқылы оның өзіндік ерекше нүктелері бойынша өлшеп, шамамен жазықтықтағы графикалық сызбаларын әзірлейтінбіз», - деді Р. Зұлыпқаров.
Ал осыдан бар болғаны 4-5 жыл бұрын қолданысқа енгізілген замануи технологиялар арқылы енді кез-келген археологиялық нысанның өте дәл виртуалды моделін жасуғаға болады.

«Қазір 3д модельдеу, лазерлік сканерлеу, фотограмметрия арқылы кез-келген археологиялық нысанның (мейлі ол тіпті бірнеше гектар жерді алып жатсын) өте дәл компьютерлік көшірмесін жасауға болады. Сөйтіп, осындай үшөлшемді модельдеудің арқасында бүкіл археологиялық нысандардың виртуалды дерекқорын жасай аламыз. Сонда олар жойылып кетпейді. Кез-келген сәтте қалпына келтіруге болады. Қазақстанда бүгінгі таңда ашық аспан астында 200 мыңнан астам археологиялық құнды ескерткіштер жатыр. Өкінішке қарай, бүінгі таңда олардың тек бірнешеуінің ғана электронды құжаттамасы жасалды. Виртуалды дерекқоры жоқ. Ал уақыт пен табиғат құбылыстары ешкімді де ештеңені де аямайды», - деді З. Зұлпықаров.

Бұдан басқа, ол қалалар мен елді-мекендерде жүргізіліп жатқан әр түрлі құрылыс жұмыстарының да археологиялық нысандардың сақталуына кедергі келтіретіндігін жасырмады.
«Өзінің орналасқан орнымен құнды археологиялық ескерктіштер болады. Оларды музейге көшіре алмайсың. Егер көшірсең, бүкіл құндылығынан айрылады. Ал қазір, құрылыс жұмыстары барысында қандай да бір археологиялық нысандар, бұйымдар табыла қалса, археологиялық сараптамадан өткізіліп, құжатталып, утилизацияға жіберіле салады. Ең болмаса солардың электронды құжаттамасын жасауға болады ғой», - деді Р. Зұлпықаров.

Айта кетелік, бүгінде лазерлік сканерлеу технологиясының бағасы 100-150 мың АҚШ долларын құрайды екен. Ал фотограмметрия технологиясы 10 мың долларға жуықтайды.
Ал нысанның үшөлшемді моделін жасау жұмыстары сол нысанның көлемі мен жұмсалған уақыт бойынша есептеледі.
null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар