Мамандықты 8-9 сыныптан анықтау маңызды – маман кеңесі

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл 230 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсырады. Сарапшылар мамандық таңдауда кешікпеу керектігін айтып, оқушылар мен ата-аналардың басты қателіктерін атады. 

Мамандықты 8-9 сыныптан анықтау маңызды – маман кеңесі
Фото: astanahub.com

– 2022-2023 оқу жылының деректеріне сүйенсек, түлектердің 60 пайызы ЖОО бітірген соң мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Ал 87 пайызы ата-анасының немесе мұғалімдерінің ықпалымен мамандық таңдайды, - деді білім саласының сарапшысы, профориентолог Дамир Самарханов.

Маманның айтуынша, қазір көптеген оқушы да, ата-ана да еңбек нарығындағы өзекті мамандықтардан хабарсыз. Сол себепті мектептерде кәсіби бағдарлауды күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елімізде мыңнан аса профориентолог жұмыс істейді, ал министрліктер 8 мыңға жуық маманды мектептерге енгізіп жатыр. 

Мамандықты 8-9 сыныптан анықтау маңызды – маман кеңесі
Фото: видеодан алынған скрин

– Баланың бейімін 8–9 сыныптан анықтауға болады. Сол кезеңде профориентологпен жұмыс істесе, 11-сыныпта мамандық пен университет таңдау әлдеқайда жеңіл болады, - деді ол Jibek Joly телеарнасындағы «Bugin LIVE» бағдарламасында.

Сарапшы мамандық таңдауда қолдануға болатын 4D моделін ұсынды:

Dream – арман

Data – қабілет

Demand – нарықтағы сұраныс

Doing – тәжірибе

Бұл қадамдардан өткен оқушы болашақ бағытын анық әрі сенімді таңдайды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттардың қатарында жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, IT, геоақпараттық жүйелер, техника саласы ерекше орын алып отыр. Былтыр берілген 77 мың гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінген.

Айта кетейік, бұған дейін ҰБТ-ның жаңа форматы қандай мүмкіндік беретінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар