Мамандық отбасын құруға әсер етеді
Америкалық әлеуметтанушылардың жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, дантистер басқа мамандық иелеріне қарағанда жиі үйленеді екен, ал безендірушілер (декоратор) жиі ажырасып жатады. 2010 жылы дантистердің 81 пайызы үйленген немесе тұрмысқа шыққаны анықталды. Стоматологтардан басқа бас директорлар, терапевт, ортопед, окулист, дәнекерлеуші мен дін саласының қызметкерлері үйленуге бейім болады екен. Әлеуметтанушылардың келтірген мәліметтері бойынша, киномеханиктар көп жағдайда жалғыздықтан зардап шегеді, олар сирек үйленеді. Ал ажырасу бойынша алдыңғы қатарда безендірушілер, медбикелер, әлеуметтік қызметкерлер мен почта қызметкерлері тұр, деп жазады шетелдік БАҚ.
1950 жылмен салыстырып өтсек, бұл жылдары математиктер, инженерлер мен электр станцияларының операторлары жиі үйленген.