Мамыр айындағы 10 қазақстандық үздік боксшының тізімі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен айдағы үздік қазақстандық боксшылардың (салмақ дәрежесіне қарамастан) жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды Kazinform Sports.kz-ке сілтеме жасап.

боксшы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Boxrec.com сайтының хабарлауынша, рейтингінің сәуірдегі нұсқасымен салыстырғанда мамыр айында алғашқы ондықта бір ғана өзгеріс болған: Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО) айдың басында намибиялық боксшы Филемон Нгутенаньемен (12-0-2, 4 КО) кездесіп, қос былғары қолғап шебері тең түскен болатын. Осы жекпе-жектен кейін ол бір саты төмендеп, 7-орынға тұрақтады. Ал тағы бір отандасымыз Руслан Мәдиев (17-2, 6 КО) бір саты жоғары көтерілді. 

Қазақстандықтар арасындағы P4P рейтингінің көшбасшысы – бұрынғысынша орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО). 

Үздік 10 қазақстандық боксшының тізімі төмендегідей: 

Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО),

Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО),

Бекман Сойлыбаев (20-1, 11 КО),

Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО),

Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО),

Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 КО),

Руслан Мәдиев (17-2, 6 КО),

Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО),

Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО),

Сергей Липинец (18-4-1, 13 КО).

Бұған дейін Таиландтағы турнирде қазақстандық 10 боксшы финалда сайысқа түсетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар