Мамырда еліміз бойынша киік санағы жүреді - Комитет

АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Тұрғамбаев киік атудың келесі кезеңі қашан басталатынын айтты.

сайгак
Фото: turkystan.kz

«Ол биологиялық негіздеме жазылады. Негіздемені ғылыми мекемелер жасайды. Сол кезде мерзімі, мезгілі анықталады», - деді министрлік өкілі.

БАҚ өкілі бұл кезең жылдың қай мезгіліне дөп келуі мүмкін екенін сұрады. 

«Енді сол, биыл, маусым-шілде айларына дейін негіздеме дайын болуы керек. Санақтан кейін ғой. Мамыр айында санақ өтеді. Сол санақ қорытындысы бойынша дайындалады», - деді Данияр Тұрғамбаев.

Соңғы жаңалықтар