18:34, 23 Мамыр 2025 | GMT +5
Мамырдағы тосын мінез: Қазақстанда 24–26 мамыр аралығында үсік жүреді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 24–26 мамыр аралығына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

— Қазақстанның солтүстік өңірлеріне ыстық жаз бір келмей-ақ қойды. Ел аумағының басым бөлігіне жаңбыр мен найзағай әкелген циклоннан кейін енді солтүстіктен антициклон жылжып келе жатыр. Ол батыс аймақтарда жауын-шашынның тоқтауына және солтүстікте ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болады, — деп түсіндірді синоптиктер.
25 мамырда Батыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, ал 26 мамырда Павлодар облысында түнгі уақытта 1–3 градус үсік жүреді деп күтіледі.
Айта кетейік, кеше ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланған болатын.