МӘМС: Атырау облысында 563 мың тұрғын сақтандырылған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 563 мың тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

МӘМС: Атырау облысында 563 мың тұрғын сақтандырылған

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбектің мәліметінше, Атырау облысының тұрғындарының 563 мыңы (85,8%) медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген.

«Алайда, облыста сақтандырылмаған тұрғындардың саны 93 571 адамды құрап отыр. Бұл – өңір тұрғындарының 14,2 проценті» -дейді Сәбит Құралбек.

Оның айтуынша, Атырау облысында медициналық сақтандыру жарнасының жалпы сомасы 30 млрд 372 млн теңгені құрап отыр. Оның ішінде 25 млрд 180 млн теңге (шамамен 96,4%) жұмыс берушілердің аударымы арқылы түскен. Ал, 5 млрд 191 млн теңге (3,6% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалардың аударымы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 82 мың адам медсақтандырудан өтпегенін хабарлаған едік.