МӘМС қаржысын ең көп игерген өңірлер белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Сәбит Ахметов редакция сауалына жолдаған жауабында МӘМС ақшасын ең көп игерген өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«2022 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері халыққа МӘМС аясында 156 миллионға жуық медициналық қызмет көрсетті. Ең көп қызмет Түркістан облысында көрсетілген - 16,5 млн. Сондай-ақ, Алматы облысында — 15,7 млн, Астанада — 14,7 млн және Алматы облысында – 13,9 млн медициналық қызмет көрсетілген», - деп жазылған жауапта.

Қор 2022 жылы МӘМС аясында көрсетілген қызметтердің ақысына 836 млрд теңге төлеген.

«Оның ішінде Алматы қаласы бойынша – 117,3 млрд теңге, Астана қаласы бойынша – 110 млрд теңге, Түркістан облысы бойынша – 79,9 млрд теңге, Алматы облысы бойынша – 65,9 млрд теңге төленді.

Тұтынылатын медициналық қызметтердің арасында амбулаториялық жағдайда консультациялық-диагностикалық көмек алудың үлесі зор – 141,3 млн қызмет.

Медициналық оғалту бағытында 8,9 млн қызмет көрсетілді. Оның 6 миллионы амбулаториялық-емхана жағдайында ұсынылды.

Стационар жағдайындағы мамандандырылған медициналық көмек бағытында 3,4 млн қызмет көрсетілді. Оның ішінде 1,9 млн қызмет қабылдау бөлімдерінде ұсынылды», - деп жазады Сәбит Ахметов.


Соңғы жаңалықтар