15:41, 17 Маусым 2025 | GMT +5
Министрлік МӘМС жүйесін жоюды талап еткен петицияға жауап берді
АСТАНА. KAZINFORM – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жоюды талап еткен петицияға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді.

Бұл туралы вице-министр Тимур Мұратов брифингте хабарлады.
– Министрлік МӘМС жүйесін одан әрі дамыту және қолдау саясатын жалғастырып келеді. Бұл – өркениетті елдердің жетістігі саналады. МӘМС арқылы халықтың барлығына тең құқық пен медициналық көмекке қолжетімділік қамтамасыз етіледі, – деді Тимур Мұратов.
Оның айтуынша, емханалар мен ауруханалар елде бюджет немесе жеке инвестиция есебінен салынады.
– МӘМС қаражаты есебінен қандай да бір медициналық нысан салу көзделмеген, – деп нақтылады вице-министр.
Еске сала кетейік, МӘМС жүйесіне өзгеріс енгізілгенін жазғанбыз.